Атырауда заңсыз оқ-дәрі сақтаған Өзбекстан азаматы ұсталды

Атырауда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында заңсыз оқ-дәрі сақтаған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Іс-шараны Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті,  Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:

"1986 жылы туған тұрғынның Атырау қаласындағы тұрғылықты мекен-жайын тексеріп, жауынгерлік патрондар табылып, тәркіленді.
Күдікті 36 жастағы  Өзбекстан Республикасының азаматы және деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2 бөлігімен, яғни қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп сотқа жолданды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда".