Атырауда заңсыз балық тасымалдаушы ұсталды (+ВИДЕО)

Атыраулық полицейлер 300 келіге жуық заңсыз балық тасымалдаушыны анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

26 қаңтар күні кешкі сағат 23:30 шамасында Атырау облысы ПД жанындағы патурльдік полиция ротасының қызметкерлері облыс аумағында өткізіліп жатқан “Қауіпсіз дөңгелек” іс-шарасы кезінде Атырау-Астрахань тасжолының Қара өзек елді-мекені тұсында 1983 ж.т. азаматтың басқаруындағы Lada Largus автокөлігін тоқтатқан.

Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғышынан жалпы салмағы 255 келі болатын (24 келі шортан, 24 келі сыла, 5 келі жайын және 202 келі сазан) балықтар анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша 1983 ж.т. автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.