09 Маусым, 2022 1054

Атырауда зәбір көрген әйелдер мен балалар дағдарыс орталығына орналасқан

 Атырауда зәбір көрген  әйелдер мен балалар дағдарыс орталығына орналасқан

Атырауда жыл басынан бері зәбір көрген 10 әйел мен 23 бала дағдарыс орталығына орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зәбір көрген. «Жедел басқару орталығына жыл басынан бері 2 345 хабарлама түсті. Соған байланысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 600 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, 805 адам қорғау нұсқамасы шығарылды. Қорғау нұсқамасының талабын 52 адамға қатысты 461-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сот аталған санатқа жататын бұзушылық жасаған үшін жауапкершілікке тартылған 189 адамға мінез-құлқына байланысты ерекше талаптар белгіледі. «Кейбір отбасыларда әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету дерегі тіркеліп отыр. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зәбір көрген 10 әйел мен 23 тіркелді. Олар дағдарыс орталығына орналастырылды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметіндегілер.