Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
11 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында мопед көлік құралын басқарған 2003 жылы туған жүргізуші Ш.Уалиханов-Канцев көше қиылысында жаяу жүргіншіге арналмаған жолмен өтіп бара жатқан 1996 жылы туған жаяу жүргіншіні қаққан. 28 жастағы әйел алған Атырау облыстық ауруханасында қайтыс болды. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
"Құрметті жол қозғалысының барлық қатысушылары жол ережесіне мұқият болу керектігін ескертеміз" дейді полицейлер.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com