Атырауда заңсыз жүргендер елдеріне қайтарылды

Атырау облысы аумағында 2023 жылдың ақпан айының 20-28 аралығында республикалық «Мигрант» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

ПД мәлім еткендей, аталған іс-шараның басты мақсаты көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу, ҚР аумағынан өз еркілерімен шығу туралы сот қаулыларын орындамаған шетелдіктерді анықтап, оларды мәжбүрлі түрде елден шығару. 

Аталған іс-шараның 1 күнінде ҚР ӘҚБтК-нің:

- 517-бабы 4-бөлігі бойынша «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған» - 55 тұлға;
- 517 бабы 5-бөлігімен «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы, анықтаманы не рұқсаттарды алмастан ҚР еңбек қызметін жүзеге асыруы» - 22 тұлға;
- 517 бабы 6-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін ҚР кетпей, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған» - 3 тұлға;
- 517 бабы 7-бөлігі бойынша ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын қайталап бұзған 6 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін сот шешімдерімен 6 шетелдіктер елден шығарылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: "РИА Новости"