16 тамызда Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер және экоономикалық тергеу департаменттері өзара бірлесіп, сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы бойынша кезекті қызметтің жолын кесті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осылайша, Атырау қаласындағы қойма үй-жайлары мен дүкенінің бірін тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 2,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталды. Алынған өнімнің нарықтық құны шамамен 6,7 млн теңгені құрайды.
Іс одан әрі жұмыс істеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Акцизделетін өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ