Атырауда заңсыз балық аулаған екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Каспий теңізінің Атырау облысы шегінде «Жаркөсе» учаскесі аймағында 95 келіден астам заңсыз балық аулаған  екі азаматқақатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Facebook парақшасында жазылған. 

«22-ші қыркүйекте Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Балық шаруашылығы бөлімі және Құрманғазы балық инспекциясы бөлімі  мамандарымен Каспий теңізінің Атырау облысы шегінде «Жаркөсе» учаскесі аймағында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі азаматқа (қара балық түрлері - 95 кг 600 гр) ҚР Қылмыстық Кодекстің 335 бап 3 тармағы 4 және 5 тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп жазылған хабарламада.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА