Атырауда заңсыз айналымнан 14 мыңға жуық доза синтетикалық есірткі тәркіленді

Былтыр Атырауда заңсыз айналымнан 14 мыңға жуық синтетикалық есірткі тәркіленіп, есірткіге байланысты 127 құқықбұзушылық  және 65 есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысының аумағында есірткі тарату саласындағы жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылданып, іске асырылды.  Былтыр  облыста тыйым салынған заттарға қатысты 127 құқық бұзушылық тіркелді, 65 есірткі қылмысы анықталды. Сонымен қатар, есірткі мен психотроптық заттардың таралуы туралы ақпараты бар 108 сайт пен басқа ресурстарға тыйым салынды. Заңсыз айналымнан 4 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл шамамен 14 мың доза.

«Жастар арасында есірткі иммунитетін қалыптастыру, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикаға баса назар аудара отырып, іс-шаралар кешені тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 671 нысаналы есірткіге қарсы іс-шара өткізілді», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Эльмира Мықтыбаева 

Фото Freepik