Атырауда жаңғыртылған жолдар қолданысқа берілді

Сырым Датов көшесін қайта жаңғырту мақсатында жөндеуден өткен Г.Канцев көшесінен С.Датов 35 "а" үйіне дейінгі 300 метр аралық бүгін, 1 желтоқсанда ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Сонымен қатар, Нұрсая ықшам ауданындағы Т.Жұмағалиев көшесіндегі 100 метр жол ашылып, қолданысқа беріледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ