Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес сынақ жүргізілуі ойдағыдай аяқталуына байланысты 17 қыркүйектен бастап қалаға біртіндеп ыстық су беріле бастады" делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін «Атырау жылу жүйелері» АҚ 17-19 қырқүйек аралығында магистралды және тарату жылу желілерін гидравликалық тығыздық пен беріктікке жоспарлы сынау жүргізілетінін мәлімдеген еді. Бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру уақытша тоқтатылатыны айтылды.
Айта кетейік, мамандар тұрба-құбырларда судың ағуы мен жарылуы орын алған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша дереу хабарлауды сұрайды: 99-43-07, 99-43-98, 32-22-58. Электрондық пошта: atyrauteplo@mail.ru
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com