Бүгін Тасқала спорт кешенінде 4-5 ақпан аралағында дзюдодан жасөспірімдер арасында "Ыстыбай" клубының жүлдесіне арналған Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған іс-шараға көрші Ресей мемлекетінен және Қазақстанның 12 өңірінен 800-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыстың негізгі мақсаты - республикалық көлемде дзюдо күресін дамыту, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлігін шыңдау.
Спорттық шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
- Құрметті спортсүйер қауым, қонақтар бүгінгі "Ыстыбай" клубының республикалық турниріне қош келдіңіздер! Бүгінгі дүбірлі дода жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Ең мықты деген спортшылар жеңіске жетсін. Баршыңызға сәттілік,- деді Н.Ермұханов.
Айта кетейік, аталған спортық дода Атырауда алғашқы рет ұйымдастырылып отыр.