Атырауда волейболдан 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші кезеңі өтуде.
12 қараша күні "Нұрсая" спорт кешенінде басталған сайысқа 8 команда қатысуда. Олар: "Еслік СК-2", "Тараз-2", "Жайық-2", "Алтай-2", "Буревестник-2", "Ұшқын Көкшетау-2", "Павлодар-2" және "Атырау-2" командалары.
Үш ойын күнінің нәтижесі бойынша Атырау облысының командасы "Буревестник-2", "Ушкин Көкшетау-2" және "Павлодар-2" командаларын ұтты. Команданың келесі ойындары 17-20 қараша күндері сағат 17:30-да өтеді.