Атырауда волейболдан БАҚ қызметкерлері арасындағы турнир аяқталды

Атырауда волейболдан БАҚ қызметкерлері арасындағы турнир аяқталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

8 команда сынаға түскен сайыста "Ақ Жайық" газеті командасы үшінші орын мен 100 мың теңгені қанжығаласа, екінші орынды еншілеген "Баспасөз қызметкерлері" құрамасына 200 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. Жарыс жеңімпазы атанған "Каспиан ньюс" командасы 300 мың теңгеге ие болды. Айта кетейік, спорттық сайыс БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай облыс басшылығының қолдауымен өтіп отыр.