Бұл туралы қала прокуроры Аршат Тайтуллин мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz. Жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сатып алу барысында жалған түбіртектер пайдаланылып, мемлекет пайдасына залал келтірілген.
- Сатып алынған нөмірлердің сомасын бюджетке нақты түсіммен салыстырып тексеру барысында, 5 млн. теңгеден астам қаражаттың түспегендігі белгілі болды. Яғни, VIP нөмірлердің автоәуесқойлары төлем жасарда жалған түбіректер қолданған – деді қала прокуроры Аршат Тайтуллин.
Аталған факт бойынша қала прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен және 385-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, тергеу амалдары жүргізілуде.
