Атырауда вакцинациялау басталды

Атырау облысында вирустық инфекциялардың алдын алу үшін балалар мен жасөспірімдер арасында Гепатит А вирустық вакцинасын салу жұмысы 10 мамырға дейін жүзеге асады. Осы орайда Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 18 жасқа дейінгі ересектерге екпе алу қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

«Су тасқынының салдарынан туындайтын түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу үшін халық арасында балалармен қатар ересектерді де екпе алатындар санатына қосып отырмыз. 10 мамырға дейін Гепатит А вакцинациясын алу шарасы жүргізіледі. Қазіргі уақытта екпе алушылар санын есептеп, емдеу мекемелеріндегі вакцинаның қоры толықтырылуда» дейді Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Бекешева.

Спикер елімізде Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатқанына байланысты шараға Атырау тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды.

Фото: ашық дереккөз