Атырауда үй өртеніп, 1 адамды күйік шалды

Оқиға 17 шілде күні түнгі сағат 03:05-те Азаттық даңғылы, №49 «а» мекен жайында орналасқан пәтерде болған деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер аталған мекен жайда жалпы ауданы 90 шаршы метр болатын пәтердің бөлмесінде (ас үй студиясы) ауданы 15 шаршы метр көлемінде тұрмыстық заттардың өртенуін анықтады. Өрт сөндірушілер өрт кезінде пәтер ішіндегі 5 адам, оның ішінде 3 баланы дәліз баспалдағы арқылы құтқарды. Өрт салдарынан денесінен күйік алған және көмір қышқыл газына уланған 1991 ж.т. азаматша жедел жәрдем қызметкерлеріне жеткізілді. Өрт 03:40 сағатта (жергілікті уақыт) оқшауланып, 03:53 сағатта (жергілікті уақыт) толықтай жойылды" делінген хабарламада.

 Өрттің себебі анықталуда.