Атырауда үш күн бойы су болмайды

Атыраудың кейбір бөлігінде 3-5 шілде аралығында ыстық су өшіріледі, деп хабарлайды AtyrauPress.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру және жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су уақытша тоқтатылады.

Атап айтқанда, «Алмагүл-2» ОЖП-нен – «Алмагүл» шағынауадындағы № 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 үйлер;   

- «Мелиорация» ОЖП-нен – Сәтпаев 32, 32а, 34, 36, Сейфуллин 5в;  

- Облыстық ауруханадан бастап Владимирская 100-ші үйде ыстық су  өшіріледі.

 «Атырау жылу жүйелері» АҚ уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА