Атыраулықтар үй жануарын қинап жүрген ер кісінің әрекетін тоқтатуды сұрайды (ВИДЕО)

Атыраулық жасы келген ер кісі күн сайын көшеде жүрген бұралқы иттерді шеге қағылған ағашпен ұрып-соғады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Привокзальный" шағынауданының тұрғындары таңертең ер кісінің иттерді сабап жатқанын видеоға түсіріп алған. Видеода салпаңқұлақтылардың ауыр соққыдан ащы дауыстары шығып жатты. Таяққа зер салып қарайтын болсақ, оған бірнеше шеге қадалған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер кісі әр күні таңертең иттерді соққыға жығуды әдетке айналдырған. Ол  таңертең адам аз кезде  спорт алаңшасына шығып, еш себепсіз төрт аяқты жануарларды ұра бастайды екен.

«Доброе сердце» қоғамдық қорының еріктілері осы жайт бойынша полицияға арыз түсірді.

AtyrauPress сайтының редакциясы оқиғаның немен аяқталғаны туралы қосымша хабарлайтын болады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА