Атырауда ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өтті

Атырау облысында 708 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

 Өткен жылы облыс бойынша  772 175,4 млн теңгенің 57 жобасы жүзеге асырылды.
Бұл туралы Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановтың жергілікті атқарушы орган өкілдерінің үкіметтік емес ұйым мүшелерімен болған кездесуінде мәлімдеді. 
Оның айтуынша, өңірде биыл 69 жобаны жүзеге асыруға 927 140,6 теңге бөлінген. Оның ішінде 58 жобаны қалалық және аудандық әкімдіктер жүзеге асыратын болады. Дін басқармасы 3, ішкі саясат басқармасы 5, білім басқармасы 2, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 1 жобаны жүзеге асыруға жауапты.
Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Адалдық алаңы", саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі жобалық кеңсе, "Жасыл ел", "Көңілді тапқырлар клубы", "Атырау жастары" сияқты жобаларды іске асырады, сондай-ақ жастар күніне арналған жастар форумын ұйымдастыру жоспарланған.
Бұл ретте салауатты өмір салтын, ұлттық бірлікті, қоршаған ортаны қорғауды насихаттауға, мәдениетті дамытуға, жастар бастамаларын қолдауға және т.б. бағыттарға баса назар аударылатын болады.
«ҮЕҰ-дардың қоғамдық проблемаларды шешуде рөлі ерекше. Олар білім беруді, ғылымды, дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлес қосып, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерін көтереді. Мемлекет өз кезегінде ҮЕҰ-ға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. ҮЕҰ ашқысы немесе Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстарға қатысқысы келетін кез келген адам Азаматтық Орталыққа жүгіне алады. Мұнда тілек білдірушілерді тегін оқытады, өзекті мәселелер бойынша семинарлар мен тренингтер өткізеді. Егер өткен жылы орталыққа 150 адам жүгінсе, биыл 4 айдың ішінде 148 адам кеңес алды", - деді Қанат Азмұханов.
Іс-шара барысында белсенділер жергілікті атқарушы органдарға өз алғыстарын білдіріп, ұсыныстарын айтты.
- Азаматтық орталық ҮЕҰ өкілдеріне барынша қолдау көрсетеді. Мұнда біз грант немесе Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу үшін конкурстарға қатысу үшін ұсыныстар аламыз. Орталық мамандары алдағы конкурстар туралы хабарлап қана қоймай, бізге әдістемелік көмек көрсетеді, кеңес береді, өтінім жасауға көмектеседі. Барлық ақпарат барлығына, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолжетімді. Осындай үйлесімді жұмыстың арқасында біз әр түрлі компаниялардың гранттарына ие боламыз, - дейді "Мөлдір көз" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі,  I топтағы көз мүгедегі Жолдас Ғұмаров.
"Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы" ҚБ төрағасы Эльдар Әбіжанов өңірде іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар тізіміне жастар арасында жалпыадамзаттық және мәдени құндылықтарды насихаттайтын іс-шараларды қосу қажет деп есептейді.
- Жастардың бойында ұлттық құндылықтарды сақтауға, жаңғыртуға және дамытуға деген ұмтылысты дамыту маңызды. Сондықтан жобалардың арасында жас ұрпақтың өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға, Отанға риясыз қызмет етуге деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал ететін іс - шаралар болуы тиіс, - деді Эльдар Әбіжанов.
Атап өтілгендей, егер 2021 жылы атқарушы органдар жанындағы консультативтік кеңестердің құрамында ҮЕҰ өкілдерінің саны 15 пайызды құраса, бүгінде олардың саны 35 пайызға дейін өсті. Бұл көрсеткішті осы жылдың соңына дейін 50 пайызға дейін ұлғайту қажет. Сонымен қатар, 15 ҮЕҰ мүшесі облыс әкімі жанындағы қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі Кеңестің құрамына енгізілді, ол 24 адамнан тұрады.
Бүгінде азаматтық орталық алаңы белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы жолсерік болып табылады. Орталықта белсенді азаматтар облыс тұрғындарын толғандырған сұрақтарын билікке жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар өз бағыттары бойынша кеңес ала алады, бұл жоба басынан аяғына дейін егжей-тегжейлі ойлауға, осылайша қоғам үшін жаңа дүние жасауға көмектесетін орын.
Айта кетейік, "Азаматтық орталық" алаңында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша басқармалар мен департаменттердің басшылары ҮЕҰ өкілдерімен жиі кездеседі.
Ләззат Сәлімова