Құтқару қызметіне кішкентай балалар саусақтарын жаңа жылдық ойыншықтарға салып, өз бетінше шығара алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Олардың саусақтары ісіне бастаған. Құтқарушылар жедел көмекке келіп, металды кесетін араны қолдана отырып, ойыншықтарды абайлап кесіп, балалардың саусақтарын босатты. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
