Атырауда өз туысының қыруар ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Күдікті туысының 11 000 АҚШ долларын ұрлап алған.
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
1996 жылы туған күдікті Атырау қаласы Балауса ықшам ауданында тұратын туысының қаражатын жымқырған. Ол 1964 жылы туған туысына тиесілі 30 000 АҚШ доллар ақшасын көріп аталған ақшалардың ішінен 11 000 АҚШ доллар ақшасын ұрлап алған. Ақшалардың бәрін бірден алып кетуге, үйде жүрген адамдардан сескеніп 8 000 АҚШ долларын үйдің әжетхана ішіне тығып, ал 3 000 АҚШ доллар ақшасын алып оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.
Күдікті анықталып, ұсталды.