Атырауда тұтанған қамыстардың термиялық ошағы анықталды

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ғарыштық мониторинг барысында «Ақжайық» қорығы аумағында термиялық нүкте, тұтанған қамыстардың шағын ошағын анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Қазіргі уақытта тұтану орнына Ақжайық МТҚ қызметкерлері өрт сөндіруге жіберілді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті күштер тобын құрды, сонымен қатар ВСУ-5 МИ-8 тікұшағы әзір.

Толық ақпарат кейінірек жарияланады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Мира НҰРТАЕВА

Фото ашық дереккөздерден көрнекілік үшін алынды