Атырауда туристік көрсеткіштер артып, жаңа инвестициялар тартылуда, деп хабарлайды АтырауPress.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Жартыжылдықта өңірге 83 мыңнан астам турист келді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға артты. Туризмді дамытуға 32 млрд теңге инвестиция тартылды. Сарайшық пен Қиғаш өзеніндегі Лотос алқабында жұмыстар басталды», – деді әкім.
Айта кетейік, биыл алғаш рет Қиғаш өзеніндегі Lotus Fest фестивалі өтті, 20 мыңнан астам турист қатысты.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ