Атырауда туристік агенттік директоры бас бостандығынан айырылды

Атырау соты INFINITY TRAVEL M туристік агенттігінің директорын алаяқтық үшін бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Естеріңізге сала кетейік, алданған туристер тобы өткен жылы біздің редакцияға хабарласқан болатын. Түркияға, Египетке, Грузияға "Infinity Travel M" туристік фирмасынан жолдама сатып алған атыраулықтар демалыссыз және ақшасыз қалды. Олардың айтуынша, фирма оларға шамамен 100 миллион теңге қайтаруы керек. Өйткені, олардың әрқайсысы отбасымен саяхаттауды алдын ала  жоспарлаған. Алайда, туристік фирманың директоры Марта Нам ақшамен бірге жоғалып кетті. Зардап шеккендер полицияға жүгінді. Кейін оның Алматы қаласында емделіп жатқаны белгілі болды. 

Кеше Атыраудың №2 сотында үкім шықты. Марта Нам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Турагенттік директоры бас-аяғы 30 миллион теңгені жымқырған. Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы ("Екі немесе одан көп адамарға қарсы алаяқтық") бойынша заң бойынша жауап беруі керек. Сонымен қатар сот оны жәбірленушілерге ақшаны қайтаруды міндеттеді.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА