Атырауда Тұрғындар қалашығындағы жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Атырау қаласындағы Тұрғындар қалашығы ықшамауданында жол жаңғырту жұмыстар қызу жүріп жатыр. Билік жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтауға уәде береді деп хабарлайды ATPress.kz.

Қазіргі уақытта ықшамауданның бұрынғы бөлігіндегі және соңғы аялдамадағы ескі асфальт толығымен алынып тасталды. Сол жерде онға жуық техника мен жұмысшылар жұмыс істейді. Олар жаңа бардюрларды орната бастады.

Жұмысшылар асфальттың жаңа қабатын төсеуге әлі кіріскен жоқ. Соған қарамастан, қала әкімшілігі Әуезов көшесіндегі жолды жаңа оқу жылы басталғанға дейін ашуға уәде беріп отыр.


 Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі:

- Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Бұндағы жолды 1 қыркүйекте ашуды жоспарлап отырмыз. Тұрғындардың сабырлылық танытуын сұраймыз.

Қазіргі уақытта Тұрғындар қалашығының соңғы аялдамасынан көпірге дейінгі жол жабық. Көлік үйлер мен жағалаулар арасындағы айналма жолмен жүреді. Маршруттық автобустар уақытша Сәтпаев даңғылымен өтеді.

 ATPress.kz тілшісінің сауалына жауап берген  "Атырауинжстрой-АИС" компаниясының баспасөз қызметі Әуезов көшесін қайта жаңарту аясында ескі жабынды толық алынып,  жаңа асфальт төселетінін айтады. Жобада, сондай-ақ, төсеніш тастан жасалған тротуарлар да қарастырылған. Әуезов пен Одесса көшелерінің қиылысындағы бағдаршам да жаңасына ауыстырылады.


"АИС" ЖШС  өкілі:

"Бұл учаскеде көлік жүретін бөлікті кеңейту мүмкін емес – оның екі жағында тротуарды және тұрғын  үй ғимараттарын қорғайтын тосқауыл қоршаулары бар. Қолданыстағы жол белдеулерінің еніне көзделіп оырған кеңейту жұмыстары  0,5 метрден аспайды".

Компания жол жөндеу жұмыстарын оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды жоспарлап отырғанын хабарлады.