Атырауда 20 маусым күні сағат 10:00-ден бастап жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты «Тұрғын үй қалашығы - Авангард» көпірінің бір жақ бөлігі жабылады, деп хабарлайды ATPress.kz. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, көлік қозғалысы үшін автокөлік жүргізушілеріне бір жолақтан жол жүру қарастырылған. "Сонымен қатар, “Әуезов” көшесін қайта жаңғырту мақсатында “Оңдасынов-Волгоград” аралығындағы 350 метр аумақ құрылыс монтаждау жұмыстарына жабылады. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады" делінген хабарламада.