Бұл туралы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атырау облысында тұмаумен ауырған 31 адам тіркелді. Оның ішінде 13-і жүкті әйел. Сонымен қатар ауру жұқтырғандардың арасында 8-і жұмыссыз.
Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9 жағдай, ересектер арасында 22 жағдай тіркеліп отыр.
Айта кетейік, тұмау ауруының B типімен науқастанғандар саны – 28, ал А типімен 3 адам ауырған.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері Атырау облысында шошқа тұмауы тіркелмеді. Әзірге жағдай тұрақты.
Фото ашық дереккөздерден алынды.