Атырауда мәслихат депутатының 63 жасқа толуына орай жерлестері құрмет көрсеткен.
Соның бірі атқа туды жабын ретінде жауып, тарту етуі әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Бұл туралы Facebook желісінде Ержан Төлек есімді азамат жазба қалдырған.
«Мынаған не дейсіздер енді. Бұл туға оранған тұлпар. Біреуге құрмет көрсетемін деп асыра сілтейтіндер де бар» делінген жазбада.
Алайда аудандық әкімдік: «Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округінде ауданға белгілі азаматқа көрсетілген құрмет жеке адамдар және қоғамдық ұйым-ардагерлер кеңесі тарпынан болғанын ескере отырып, тарту еткен атқа жабылған Ту элементтері белгіленген жабынды арнайы зоодукендерден алынғанын қаперіңізге береміз» деген ақпарат берген.