Атырауда мұз бетінде балық аулайтын адамдардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда, деп хабарлайды AtyrauPress.
Төтеншеліктердің айтуынша, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері күн сайын күніне 2 рет жағалау бойын аралап, тұрғындарға мұздағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Олардың дерегіне сүйенсек, бүгінгі таңда 118 рейд ұйымдастырылып, қала аумағында 129 тыйым салу белгісі орнатылған, сондай-ақ қауіптің алдын алу бағытында БАҚ мен әлеуметтік желілерде түсінірме жұмыстары жүргізілген.
«Бұл жұмыстарға қарамастан, бізде суда адам өлімі жағдайлары бар. Солардың бірі жыл басында бір баланың каналға батып кетуі және жақында ғана жұмыскер ауылында ер адамның мұз астына түсіп кетуін айтуға болады» деді қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Магомед Ахриев
Баспасөз мәслихатын пайдалана отырып, халықты қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырған маман мұз үстінде ескерілуі тиіс ережелерді еске салды.
Олар мыналар:
1. Ешбір жағдайда қараңғыда мұзға шығуға болмайды;
2. Жұқа мұзға шықпаңыз;
3. Проминдер мен жарықтарға жақындамаңыз;
4. Көлік құралдарымен мұзға шықпаңыз;
5. Мұзды аяғыңызбен немесе ауыр заттармен тексермеңіз;
6. Мұздың бір бөлігінде топ болып жиналмаңыз;
7. Мұзды екеуден артық оюға жол берілмейді;
8. От жағыңыз.
9. Мұз астынан балық аулауға жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару кеудешесі, 12 метр емес арқан, 2 метрден кем емес таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон)болған кезде жол беріледі.
Мұздың қалыңдығы бір адамға кемінде 10 см, ал бұқаралық іс-шаралар мен автокөлік құралдарын ұйымдастыру үшін кемінде 25 см.
Айта кетейік, 4 желтоқсан күні Атырау қаласының Жұмыскер ауылы тұсында Жайық өзенінде ер адам мұз ойылып, суға батып кеткен. Онымен бірге болған немересі құтқарылып, балалар облыстық ауруханасына жеткізілді.
Сурет - ашық дереккөзден