Атырауда төтенше жағдайдан кейін арнайы операция басталды

"Төтенше жағдай режимі алынған бірқатар өңірлерде "Құқықтық тәртіп" жедел іздестіру шарасы басталды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Арнайы операция Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 19 қаңтарда басталды. Іс шара аясында полицейлер жеке құжаттарды, көлік құралдарын, жеке заттарды, жалға алынған пәтерлерді, қараусыз қалған үйлерді, хостелдерді, саяжай алқаптарын, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелер мен қыстауларды тексеруде. 

Сондай-ақ, атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тәркілеуде. Арнайы операция аясында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды және заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау, бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру жұмыстары жалғасуда.