Биыл Атырау қаласында бірнеше мектеп салынады, деп хабарлайды ATPress.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Тасқала-2 (Өрлеу), Еркінқала-2, Көктем-2, Бірлік-2 ауылдарында 600 орындық жаңа білім ордаларының құрылысы жоспарланып отыр.
Қалалық білім бөлімінің мамандарының мәліметінше, бүгінде мектептерде орынның жетіспеуіне байланысты өңірдегі орта мектептерде үш ауысымдық оқу ұйымдастырылған. Осы орайда аталған аумақтарда жаңа мектептер бой көтерген соң №39, №32, Амандосов атындағы, Еркінқала мектептерінің оқу процессіндегі мәселе қалпына келмек.
«Сондай-ақ, биыл Жаңаталап және Балауса елдімекенінен екі мектептің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі» делінген хабарламада.