Атырауда төрт адамды жалмаған қылмыстың себебі белгілі болды

Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың екі баласының өліміне қатысты істің негізгі себебі белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 29 жастағы күдікті Сұлтан Сәрсемалиев бұл қылмысқа ақша мен мүлікті иемдену ниетімен, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық кикілжіңдердің салдарынан барған.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әрекетін алдын ала жоспарлап, кейін марқұмдардың денелерін әртүрлі жерге жасырған.

Индонезиядан Қазақстанға депортацияланған Сәрсемалиев ұсталғаннан кейін өз кінәсін мойындап, ересек балалардың жерленген орнын тергеушілерге өзі көрсеткен.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал онымен бірге ұсталған марқұмдардың кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева сот-психиатриялық сараптамадан өткізу үшін медициналық мекемеге жіберілген.

Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.