Атырауда тіркелмеген аңшылық қарулар тәркіленді

Индер ауданында тіркелмеген 2 ұңғылы аңшылық қару тәркіленді, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Индер аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Көктоғай ауылына қарасты қыстақтарды тексеру кезінде ішкі істер органдарында тіркелмеген аңшылық қару сақтаған 1971 ж.т. аудан тұрғынын анықтады. Сондай-ақ, 30 шілде күні 1968 ж.т. аудан тұрғынының мекенжайын тексеру кезінде тіркелмеген 2 ұңғылы аңшылық қару тәркіленді, - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер. 

Аталған қарулар Атырау облысы ПД Жедел-криминалистика басқармасына сараптамаға жолданды.

Айта кетейіу, Атырау облысында 24-30 шілде аралығында облыс көлемінде «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның барысында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын алу, қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеріп, олардың қару пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауы бойынша  тексеру жүргізілді.  

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА