Бұл туралы бізге облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Денесінің 90-95 пайызын күйік шалған әйел 26 сәуір күні түнгі сағат 03.30-да қайтыс болды. Ал, ер адам есін жиды, қазір аудандағы ауруханада ем алып жатыр" деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 25 сәуірде сағат 05:37 минутта Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірі өртеніп, екі бала қайтыс болған еді.Ал, балалардың анасы ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Кейін полиция күдіктіні қамауға алды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com