"Атырауда тікұшақ вирус таратып жүр". Тұрғындар неге дабыл қақты?

Атырау облысы Махамбет ауданына қонған белгісіз тікұшақ әлеуметтік желіде тұрғындардың талқысына түсті, деп хабарлайды ATPress.kz.

Аудан халқы желіде Жайық өзенінің маңын айналшықтаған тікұшақтың бұл аумақта не істеп жүргенін өздерінше топшылап жатыр. Олардың басым бөлігі "бұл - індет вирусын таратушы тікұшақ" деп есептейді. Осыған байланысты тиісті орындар түсінік берді.

 “Қазавиақұтқару” АҚ баспасөз қызметінің айтуынша, бұл өрт сөндіру бойынша болған оқу-жаттығу көрінеді.

"2022 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ ұшағы шартты өртті сөндіру бойынша жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларына тартылды. Оқу барысында су ағызу құрылғысы арқылы суды төгу техникасы қолданды" делінген хабарламада.