Атырау қаласында тестілеу пунктінің мекенжайы өзгерді. Енді тест тапсырушылар Сырым Датов көшесі №208 үйге келуі қажет, деп хабарлайды AtyrauPress.
«10 тамызда Атырау қаласында тест тапсыруға тіркелген талапкерлер назарына! Сіздерге жеке кабинеттеріңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ҰБТ-ның күні, уақыты, орны туралы жаңа ақпарат жарияланғанын және sms-хабарлама жіберілгендігін хабарлаймыз. Мекенжайды шатастырып алмаңыздар», - делінген Testcenterkz telegram-каналында.
Айта кетейік, магистратураға түсуге арналған кешенді тест тапсырушылар үшін мекенжай өзгерген жоқ.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА