Атырауда не болайын деп жатыр?

Бүгін, 21 мамыр күні Атырау қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының басшылығымен жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтпек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оқу-жаттығудың мақсаты Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Шалыга аралы аумағындағы террористік көріністерге шұғыл ден қою және теңіз кемелерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша әжірибелік пысықтау болып табылады. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы мәлімдеді.

"Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз" делінген хабарламада.

Аман ШАМАР

Фото: atr.kz