Атырауда терроризмді насихаттаған адамға үкім шықты

Атырау облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін  сотталды, деп хабарлайды AtyrauPress Ұлттық  қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қалалық №2 соты Атырау облысының тұрғыны Т.-ны терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Тергеу оның діншілер арасында радикалды діни идеологияны белсенді түрде  таратып, азаматтық тұлғаларға қатысты зорлық әрекеттерге шақырғанын дәлелдеді.

Оның кінәсі куәгерлердің көрсетулерімен, заттай айғақтармен және өзге де материалдармен толық дәлелденгені айтылды.

 2023 жылдың басынан ҰҚК антитеррор құрылымдары террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен республиканың 31 тұрғыны мен шетелдік азамат ұсталды. Сот органдары осы уақыт аралығында осындай фактімен тағы 10 адамды түрлі мерзімге бас бостандығынан айырған.

 

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА