Өткен тәулікте Атырау облысының ТЖД күштері 2 өртке және 7 жану оқиғасына шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жану оқиғаларының басым көпшілігі құрғақ шөптің, қоқыс қалдықтарының және ағаш қалдықтарының жануы болып тіркелуде. Аталған жану оқиғаларының негізі адамдардың немқұрайлылығы нәтижесінде туындап отыр. Әдеттегідей жаз мезгілі басталғаннан кейін жану фактілері көп тіркеледі. Тұрғын үй ауласын уақытылы тазаламау, сөндірілмей тасталған темекі тұқылы оқыс және қайғылы оқиғалардың тууына себепші болады.
"Жану тез таралатын өрт түрлерінің бірі екенін еске саламыз. Жанындағы аумаққа, тұрғын үйге, ғимаратқа таралып Сізге және мүлкіңізге кесірін тигізуі мүмкін. Атырау облысы ТЖД ескертеді! Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап жүріңіз! Өзіңіздің және өзгенің өмірін сақтаңыз!" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ