Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітіне қарасты Қайырымдылық мекемесінде кезекті ізгілік шарасы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды. Мешіттің баспасөз қызметінен білгеніміздей, шамамен 48 отбасы қамтылған ізгілік шарасында келушілерге үлкендер мен балаларға арналған киім-кешектер берілді.
Еске сала кетсек, Атырауда бірнеше жылдан бері Қайырымдылық орталығы жұмыс істеп келеді7
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
