Бұл нысандағы құрылыс жұмыстарын «Самғау-2030» ЖШС жүргізіп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.
Қазір құрылысшылар нысанды уақтылы тапсыру үшін ұсақ-түйек шаруаларды аяқтауға жақын. Махамбет атындағы Қазақ Академиялық драмалық театрының алдындағы субұрқақ санаулы күндерде іске қосылады. Құырылыс нысанында жұмыс қызу жүріп жатыр. Жұмысшылар жаңа әрі әдемі брусчатка төсеп жатыр.Фото 2022 жылғы 19 қазанда жасалды.
Бірнеше жыл бойы субұрқақ істен шығып тұрды. Оның беткі қабатындағы плиталар тот басып, қарайып кеткен. Жаздың аптап ыстығында облыстағы жалғыз ғана театрдың алдындағы субұрқақтың осынау көрінісі көңілге кірбің ұялатты.
Фото 2022 жылғы 28 қыркүйекте жасалды.
Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, электронды мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «Самғау-2030» ЖШС жеңімпаз деп танылып, субұрқақты қайта жөндеу үшін қала бюджетінен 116 млн теңге бөлінді.
Айта кетейік, субұрқақ құрылысы оның бұрынғы көрінісін сақтай отырып жөнделеді.
Фото авторлары: Э.Мықтыбаева, Д.Канбетова.