Атырауда тасжолға жақын орналасқан қыстақтарға жарыққа шағылысатын бау таратылды

Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ірі-қара малдарға жарыққа шағылысатын баулар тағу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл шара Атырау облысы полиция департаментінің бастамасымен және  «NCOC» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары автомобиль жолының Мақат ауданындағы мал шаруашылығы қожалықтарына арнайы барған мамандар қыстақ иелеріне арнайы табыстады. Ірі-қара малдардың мойындарына 300 жарық шағылысатын бау тағылды. Бұл баулар  жолда түнгі уақытта көлік жүргізушілеріне малдардың барын алдын ала байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мамандар тарапынан шаруашылық иелеріне түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.

Шараның мақсаты — малдардың жолға шығуының алдын-алу және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету.