Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тексеру кезінде екі жүргізушінің алкогольді ішімдік ішіп, көлік басқарғаны анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
«9 қараша күні сағат 22:30 шамасында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының 760 шақырымы тұсында күдік тудырған екі жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде 1964 ж.т. және 1972 ж.т. жүргізушілерінен алкогольдік спирттік ішімдік иісі сезіліп, Құрманғазы аудандық дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша жеңіл дәрежеде мас күйде екендері анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазір көлік жүргізшілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті іс-құжаттар сотқа жолданды.
Еске салайық, мас күйде көлік басқарғаны үшін сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА