Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 тамыздағы Жарлығына сәйкес Атырау облысының екі педагогы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Салтанатты марапаттау рәсімі облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы барысында өтті. Наградаларды облыс әкімі Серік Шәпкенов табыстады.
«Құрмет» орденімен — Ұлттық дарынды балалар гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Суюугалиевна Жұмабаева марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен — Атырау энергетика және құрылыс колледжінің өндірістік оқыту шебері Ерболат Қабидоллаевич Жұмағазиев марапатталды.
Бұл жоғары наградалар олардың кәсіби шеберлігінің, көпжылдық еңбегінің және өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесінің мойындалуы болды.