Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсірген 12 кәсіпкерлік нысан анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымәлім етті. Жуырда облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен сауда-саттық қатынастағы делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Талдау нәтижесінде белгілі болғандай, кәсіпкерлер тауарды шектік бағадан 15 пайызға асырып сатқан. Енді жауапты департамент өкілдеріне тиісті шаралар қабылдау бойынша тапсырмалар берілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ