Бүгін 09:12 сағатта Атырау қаласы, Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауында, "Ақжайық" МТР аумағында қамыс жанды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, 19:00 сағаттағы ақпарат бойынша 85 га қамыс жанған. Ал
80 га аумақтағы өртті Төтенше жағдайлар департаментінің және Ақжайық МТР қызметкерлері сөндірді.
Қазіргі уақытта 5 га аумақтағы тілсіз жауды Атырау облысы ТЖД 10 қызметкері мен 2 бірлік техникасы және Ақжайық МТР 30 адамы, 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды.
Жел екпінінің қатты болуына байланысты қамыс өртін сөндіру қиындық туғызып отыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА