Атырауда тағы бір сәби көз жұмды

Оқиға 26 шілде күні сағат 17:50 шамасында Әйтеке би көшесінде субұрқақ ішінде болған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"26 шілде күні сағат 17:50 шамасында Әйтеке би көшесінде субұрқақ ішіндегі циркулярлы насосқа 2021ж.т., баланың аяғы тартылып, салдарынан сәби қаза тапқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - Атырау облысы полиция департаменті хабарлады.

Эмир Артуров