Атырауда тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды...

29 мамырда облыстық төтенше жағдайлар департменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Ракым Бейбарыс Жалғасбайұлы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ракым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет етті. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген болатын.

"Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды. Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com