Бұл туралы AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Құлманов көшесіндегі Қ.Ерниязов көшесінен Худина көшесіне дейінгі 250 м аралық орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 19 қыркүйек сағат 9:00 ден бастап жабылатындығын хабарлаймыз.
Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.