29 шілдеде сағат 16:00 шамасында Атырау қаласы Б.Құлманов көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің 3-қабатының терезесінен 2018 жылы туған бала құлап, жарақат алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей, өңірде жыл басынан терезеден құлау бойынша 7 жағдай тіркелді (6 бала жарақат алды, 1 бала қайтыс болды).
ТЖД ескертеді:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- москит торлары құлаудан қорғамайды;
- балаларға үлкендердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com